Көп балалы аналардың ұсынысы тыңдалды
Онда көп балалы аналардың мәселелерін шешу жолдары жан жақиы талқыланды. Жиында ашқан “Nur Otan” партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сағынбек Асылбеков жиынның күн тәртібімен таныстырды.
Қалалық “Аналар кеңесінің” төрағасы Маржан Кривенцова кеңес жұмысын кең көлемді айтып өтті. Қоғамдық қабылдауларда көп балалы аналардың мәселелері, жалғыз басты аналардың жағдайы кеңінен көтеріліп, талқыланып жатқандығын айтып өтті. Туындап жатқан мәселелерді шешу жолында көптеген жұмыстар жүзеге асып жатқандығын жеткізді.
Жиында аналар тарапынан айтылған ұсыныстар тыңдалды.
Атап айтар болсақ, қашықтықтан оқыту барысында беріліп жатқан ноутбуктердің аздығын, байланыс операторларының лимитінің аздығы сөз болды. Яғни, көп балалы отбасыларға жетіспейді.
Дөңгелек үстелге жиналған көпшілік басқа да ұсыныстарды айтты.
