Көп балалы аналардың мәселелерін тыңдады
«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер болып ұсынылған Қайнар Аббасов Кентау қаласында көп балалы аналармен кездесті.
Аналардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізді.
Өңірдегі кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету денсаулығын сақтап, отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға, әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.
Кездесуде көп балалы аналар ұсыныстарын жеткізді. Атап айтар болсақ, бала күтімін 7 жасқа дейін ұзарту, әр балаға кіріске қарамастан жәрдемақы төлеу, бала күтіміне төленетін жәрдемақыны 3 жасқа төлеу, медицианлық сақтандыруды көп балалы аналарға тегін ету секілді ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, сайлауда қолдайтындықтарын айтты.
