Көп балалы аналардың халықты әлеуметтік қорғау салаларықызметкерлерімен кездесуі
2020 жылдың 29 қаңтарында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті және Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен көп балалы аналармен кездесу өтті. Кездесу сындарлы диалог режимінде өтті.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары М.Н. Устинов қатысушыларға кешенді іске асырылып жатқан мемлекеттік көмек шаралары туралы түсіндірді және оған: көп балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған кепілді әлеуметтік пакет кіреді.
Көп балалы отбасыларды қолдау 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Аталған мемлекеттік қаражат отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде төленеді: 4 баладан-42 496 теңге; 5 баладан – 53 127 теңге; 6 баладан-63 757 теңге; 7 баладан – 74 388 теңге.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін бұрын қолданыста болған шекті өлшем сақталған, осыған сәйкес отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы аймақтың ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - нан кем болмауы тиіс. Отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық ретінде айқындалатын болады. АӘК ашықтығын қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын тағайындалатын болады, ал отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайтылады.
Кепілді әлеуметтік пакет АӘК алатын отбасылардан шыққан балаларға ұсынылатын болады. Сонымен, 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардың балаларын азық – түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімдерімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады. 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.
Сонымен қатар әлеуметтік қорғау қызметкерлері қоғамдық жұмыстарда жұмыс істеу мүмкіндіктері, ал оқушылар мен студенттер үшін демалыс кезінде "Жасыл Ел" жастар еңбек жасағында жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы айтты.
Кездесуде әйелдерді негізінен тұрғын үй беру, балалардың қоғамдық көліктерде жол жүру жеңілдіктері, пешпен жылытылатын үйлерде тұншықтырғыш газ датчиктерін тегін орнату, балалар заттарына көмек көрсету, оқу ақысын төлеуге көмек көрсету және т.б. мәселелер қызықтырды.
Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков атап өткендей, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін мемлекет тарапынан көп жұмыстар атқарылуда, және біз "тыңдайтын мемлекеттің" тұжырымдамасын ұстануға тиіспіз - азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беруге тиіспіз.
Әлеуметтік қорғау қызметкерлері қатысушылардың мүдделі сұрақтарына түсініктеме берді.
Бірінші кезектегі мәселелерді конструктивті шешу үшін көп балалы аналарға оларды шешуге көмек көрсету үшін өз сұрақтарын қалдыру ұсынылды.
------------------------------------------------------------
29 января 2020 года состоялась встреча с многодетными матерями, организованная Департаментом Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области и Управлением координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области. Встреча состоялась в режиме конструктивного диалога.
Заместитель руководителя управления координации занятости и социальных программ Устинов М.Н. разъяснил присутствующим о мерах государственной помощи, которая реализовывается в комплексе и включает в себя: государственное пособие для многодетных семей, модернизированную адресную социальную помощь, гарантированный социальный пакет для детей из малообеспеченных семей.
Поддержка многодетных семей будет обеспечена за счет выплаты нового государственного пособия семьям, имеющим 4 и более несовершеннолетних детей или студентов очной формы обучения в возрасте до 23 лет. Данное госпособие выплачивается вне зависимости от доходов семьи, в дифференцированных размерах: с 4-мя детьми – 42 496 тенге; с 5-ю детьми – 53 127 тенге; с 6-ю детьми – 63 757 тенге; с 7-ю и более детьми – 74 388 тенге.
Для назначения адресной социальной помощи сохранен действовавший ранее пороговый критерий, согласно которому среднедушевой доход на каждого члена семьи должен составлять менее 70% от прожиточного минимума региона. Размер АСП для всех членов семьи будет определяться как разница между среднедушевым доходом и чертой бедности. Для обеспечения прозрачности АСП будет назначаться ежеквартально, а срок проведения обследования материального положения семьи увеличен с 3 до 7 дней.
Гарантированный социальный пакет будет предоставляться детям из семей, получающих АСП. Так, детей из малообеспеченных семей в возрасте от 1 года до 6 лет будут обеспечивать продуктовыми наборами и гигиеническими принадлежностями, в возрасте от 6 до 18 лет – горячим питанием в школах, учебными принадлежностями и школьной одеждой, также им будут возмещаться расходы на проезд до школы. Медицинская помощь детям до 18 лет будет предоставляться в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и обязательного социального медицинского страхования.
Также работники социальной защиты рассказали о возможностях работы на общественных работах, а для школьников и студентов - возможности в период каникул поработать в молодежном трудовом отряде «Жасыл Ел».
В основном женщин на встрече интересовали вопросы предоставления жилья, льгот на проезд детей в общественном транспорте, бесплатной установки датчиков угарного газа в домах с печным отоплением, предоставления помощи детскими вещами, оказании содействия в оплате обучения и др.
Как отметил руководитель Департамента М.Т. Муратбеков, государством много делается для поддержки многодетных и малообеспеченных семей, и мы должны придерживаться концепции «слышащего государства» - оперативно и эффективно реагировать на все конструктивные запросы граждан.
Работниками соцзащиты были даны разъяснения по интересующимся вопросам присутствующих.
Для конструктивного решения первоочередных проблем многодетным матерям было предложено оставить свои вопросы для оказания им содействия в их решении.
