«Көп балалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау
«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастырумен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Көп балалы аналармен, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мемлекеттік қолдаудың жаңа талаптары» тақырыбында талқылау отырысы өтті. Отырысқа аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Сауытов Нұржарық Сағиұлы қатысып, тақырып аясында баяндама жасады. Сонымен қатар жиынға қатысушылар тарапынан төмендегіше ұсыныстар берілді.
1. Арба арқылы өмір сүрушілерді тасымалдайтын Инватакси қызметіне қосымша әлеуметтік қызмет көрсететін такси қызметін қосуға;
2. Мүмкінлігі шектеулі жандарға тиесілі 20000 теңге қаражатты көбейтуге;
3. Пенсиянерлерге берілмейтін ноутбуктерді жеке қызметкерлеріне беру жолдарын қарастыруға; (Барлық қызметтің онлайн қызметіне ауысуына байланысты.)
4. Көп балалы аналарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін тұрғын үйлердің тиімді жағын қарастыруға.
