Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көп балалы аналарға өтініш берусіз және ХҚКО-на бару қажеттілігінсіз мемлекеттік жәрдемақы

Көп балалы аналарға өтініш берусіз және ХҚКО-на бару қажеттілігінсіз мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

2019 жылдың 9 тамызынан бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау sms-хабарлама арқылы проактивті форматта мүмкін болды. Енді көп балалы аналарға халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазып, мәртебесін дәлелдеудің қажеті жоқ.

Жәрдемақы тағайындау үшін sms-хабарламаға «иә» сөзімен жауап растау қажет, ал барлық қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады.

Алтыншы немесе жетінші баланы дүниеге әкелген әйелдер «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталады. Осы марапаттарды алған аналар ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) көлемінде жәрдемақы алады.

Бұл төлем өмір бойы тағайындалады және отбасының табысына байланысты емес.

Бүгінгі таңда осындай жәрдемақыны Қостанай облысында шамамен 6,5 мыңға жуық көп балалы аналар алады.

Назначение государственного пособия многодетным матерям без подачи заявления и необходимости посещения ЦОН.

с 9 августа 2019 года назначение государственного пособия многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа» стало возможным в проактивном формате через sms-сообщение. Теперь многодетным матерям не нужно посещать ЦОН, писать заявление и доказывать свой статус.

Для назначения пособия необходимо лишь ответное подтверждение на sms-сообщение со словом «да», при этом все необходимые сведения будут получены из информационных систем госорганов.

Женщины, родившие шестого или седьмого ребенка, награждаются государственными наградами «Алтын алқа» и «Күміс алқа». Матери, получившие данные награды , на ежемесячной основе получают пособие в размере 16 160 тенге (6,4 МРП).

Данная выплата назначается пожизненно и не зависит от дохода семьи.

Сегодня такое пособие по Костанайской области получают порядка 6,5 тыс. многодетных матерей.

0
0
266

Осы тақырып бойынша