Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Күні кеше "Nur Otan" партиясының ХХ съезі өтті

Күні кеше "Nur Otan" партиясының ХХ съезі өтті. Партия съезі өте күрделі əрі маңызды кезеңде өтіп отырғаны да бəрімізге белгілі. Əйтсе де партия жаһандық дағдарыс кезінде де халық мүддесінен шығып, өз жұмыстары мен реформаларын жүзеге асырып келеді. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев съездің қашықтықтан өтіп отырған жайын айта келіп, партияның атқарған ауқымды жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті. Елбасы Н.Назарбаев сонымен бірге Партия өз ісінде əрдайым үш қағиданы басшылыққа алғанын жəне алдағы кезеңде де соны ұстанатынын да айтты. Бұл - жауапкершілік, жұдырықтай жұмылу жəне ортақ мүддеге адалдық.

Партия қандай жағдайда халық игілігіне қызмет етеді. Осыған орай партия Бағдарламасы да халықтың мүддесі жолынан шығу мақсатында жасалып, жүзеге асады.

2025 жылға дейінгі Бағдарлама да "Өзгерістер жолы: Əр азаматқа - лайықты өмір!" осы мақсатта қабылданды. Бағдарламада негізгі 4 басымдық бар. Алдағы кезеңде осы басымдықтар партия жұмысының басты ұстанымы болмақ. "Nur Otan" партиясы - нақты істер партиясы. Сондықтан ел үмітін ақтап, талай асуларды халықпен бірге бағындыратынымызға сеніміміз мол.

Партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Арыстанбеков

0
0
135

Осы тақырып бойынша

Күні кеше "Nur Otan" партиясының ХХ съезі өтті - Yvision.kz