Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Көнеккеткен" БПҰ төрағасы Н.М.Есбулатовтың есеп беру жиналысы өткізілді.

Бүгін 20 сәуір күні О.Исаев мектебінде "Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалы "Көнеккеткен" бастауыш партия ұйымының төрағасы Н.М.Есбулатов және "Көнеккеткен" бастауыш партия ұйымының мүшелерініің және ауыл әкімі Ұ.З. Кадргалиеваның қатысуымен есеп беру жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. "Көнеккеткен" бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы (баяндамашы "Көнеккеткен" БПҰ төрағасы Н.М.Есбулатов)

2. "Nur Otan" партиясының тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттар сайлау.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша "Көнеккеткен" БПҰ төрағасы Н.М.Есбулатов партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы және алдағы жоспарлы міндеттерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жиналысқа қатысушы көпшілік дауысымен 28 сәуір күні өтетін аумақтық конференцияға делегаттар болып мұғалім Ш.Ж.Кульлниязова және мектеп кітапханашысы Г.З.Сулименова сайланды.

Жиналыс шешімі қабылданды:

1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге қатысты "Nur Otan" БПҰ атқарған жұмыстары "қанағаттанарлық" деп бағалансын.

2. "Nur Otan" партиясының тиісті аумақтық филиалының конференциясына қатынасушы ретінде Ш.Ж.Кульниязова мен Г.З.Сулименова бекітілсін.

#"Nur_Otan"БПҰжиналысы#2021жыл#

0
0
242

Осы тақырып бойынша

"Көнеккеткен" БПҰ төрағасы Н.М.Есбулатовтың есеп беру жиналысы өткізілді. - Yvision.kz