Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Күндіз-түні whatsapp-тан көз алмайды».

«Күндіз-түні whatsapp-тан көз алмайды». Тоқаев қашықтан оқудың кері әсеріне тоқталды

Бүгін Қазақстан Халқына жолдау жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім саласы қашықтан оқуға дайын болмағанын мойындау керек деді. Президент қашықтан білім беру – мұғалімдер мен оқушыларды «whatsapp» желісіне телміртіп қойды деген пікірде.

Тоқаев атап өткендей, қазір Қазақстанда онлайн білім беретін бір де бір отандық платформа жоқ. Сондай-ақ, қашықтан оқыту жұмыстың тәсілі мен мазмұнына кері әсер етеді.

«Үкіметтің қателігін білеміз. Ашығын айтқанда, онлайн біліми беретін бірде бір платформа жоқ. Ұстаздар мен оқушылар күндіз-түні whatsapp-тан бас үзбейтін болды. Бірыңғай онлайн платформаны шұғыл әзірлеу керек. Сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа барып, ұстаздарымен аралысуы керек. Сондықтан, сагнитарлық талаптарды сақтай отырып, бұрынғы дәстүрлі білімге оралуды тезтеду керек», - деді Тоқаев.

@azattyq_ruhy

0
0
171

Осы тақырып бойынша

«Күндіз-түні whatsapp-тан көз алмайды». - Yvision.kz