Күнделік
9.07.2014
Міне,бүгін біздің білімге толы "Туған елге тағзым "атты экспедициямыздың тоғызыншы күні де келіп жетті.Алдымызда әжептәуір күн өткенімен бүгінгі күн көптеген жаңа мағұлматтарға толы болды.
Бірінші өз күнімнің Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата мемлекеттік университетінен басталғаны туралы бөліскім келеді.Бұл университет Қызылорда облысы бойынша үлкенжәне білім жағынан күшті университеттердің бірі болыпсаналады.

Екінші біздің маршрутымыз Қызылорда гидроузелы болды. Мен үшін бұл жер барлық барған жерімізден ерекшелене алды.Мүмкін,оны қызықтағандықтан болар, білмеймін,бірақ мені бұл жер қатты қызықтырды.
Кейін қалған күнімізді біз қаланың басты,әрі маңызды жерлерінің тарихын тыңдаумен өткіздік.Оларға:
- Қорқыт ата ескерткіші

- Қызылорда вокзалы

- Айтбай мешіті

- Және тағы басқалары.Сонымен,бүгінгі күн жоғары дәрежеде өтті.
