Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көлік саласы қызметкерлерінің атаулы мерекесі қарсаңында

Құрметті көлік саласының қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Көлік саласының ардақты ардагерлері!

Батыс-Тех ұжымы!

Теміржолшылар ұжымы!

Өздеріңізге белгілі, инфрақұрылымсыз ел экономикасын дамытып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру тіптен мүмкін емес. Ал инфрақұрылымдық дамудың мақсаты

" Nur Otan" партиясының негізін қалаушы,партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев бастама етіп көтерген «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының өзегі болып табылады.

Бұл мереке – теміржолшылар мен автокөлік жүргізушілерінің ғана емес, барлық көлік саласы қызметкерлерінің, яғни, жөндеу жұмысшыларының, инженерлік-техникалық қызметкерлердің, жол және көлік өндірісі басшыларының кәсіби мерекесі.

Көлік саласы әр кезде еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды сала болып табылады. Бұл саланың ауданымыздың дамуына тигізіп отырған ықпалы орасан зор деп айтуға болады.

Сіздердің өз жұмыстарыңызға адалдықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңіз, шеберліктеріңіздің нәтижесінде ауданымыздың көлік саласы ырғақты және үзіліссіз жұмыс істеуде.

Көлік саласын қазіргі заманғы озық құралдармен жабдықтап, жұмыс сапасын арттыру жүк және жолаушы тасымалы көлемін еселеуге игі ықпалын тигізуде.

Көлік саласын көркейтіп, өркендетуге жұмсаған аға ұрпақ өкілдеріне, еңбек ардагерлеріне және аянбай еңбек етіп келе жатқан Көлік саласы еңбеккерлеріне алғысымызды білдіреміз. Егеменді еліміздің игілігін еселендіру мақсатындағы ерен еңбектеріңіз бен еңбекке ұмтылыстарыңыздың жемісті бола беруіне тілектеспіз.

Дендеріңізге саулық, қажымас қайрат,талмас қанат ,отбасыларыңызға береке-бақыт,Еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!

Құрметпен:"Nur Otan "партиясы Жылыой аудандық филиалы.

0
0
145

Осы тақырып бойынша

Көлік саласы қызметкерлерінің атаулы мерекесі қарсаңында - Yvision.kz