Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Партия күнімен Алғыс айту мейрамы құтты болсын!!!
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Партия күнімен Алғыс айту мейрамы құтты болсын!!!
Бүгін Райымбек аудандық мәслихат депутаттары Арипова Гүлнара, Қойлыбаев Бек және Кошмұратова Күмісгүл Сүмбе және Қызылшекара ауылдарында болып осы ауылдың тұрғын Оласанов Тұрған ардагердің шаңырағында болып "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары аясында мерекемен құттықтады!.
Оласанов Тұрған 1920 жылы 20 наурызда Алматы облысы Нарынқол ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына әскерге шақырылып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен байланысшы болып 100-атқыштар дивизиясында Беларусь майданында жаумен соғысқан.
1941 жыл Тұрған ата үшін үміт пен күдіктің арпалысқан сәті. Беларусь, Литва елдерін жаудан азат етуге толық қатысып, ауыр жараланған.
1943 жылы майданда жарақат алған соң госпитальде жатып емделіп, шыққан соң 27- бригадада артиллерист болып Кенисберг қаласын алуға қатысқан. Соғыстан 1946 жылы оралып, ауылға келгеннен кейін, әлсіреген еліне, жеріне қызмет етуін жалғастырады.
1949 жылы отбасын құрып, Аширова Рзвандай болашақ жарымен шаңырақ көтереді.Өмір бойы жары екеуі Сүмбедегі картоп совхозында жұмыс жасап бейбіт күннің берекесін көреді. 9 бала сүйіп, 20 немере, 15 шөбере көріп отырған қария ерлікті істерін ұрпағына айтудан жалыққан емес.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Кенисбергті алғаны үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен наградталған. 30-40 мерекелік медальдары және мақтау қағаздары бар. Майданда 2 рет жарақат алған.
Қазақ елінің төрінде биыл 97- ге көтерілген ардагер.
Қызылшекара ауылында барып Башебаева Гулбара апайымыздың шаңырағында болды.
Башебаева Гулбара 1942 жылы Қызылшекара ауылында туған. Көптеген жылдар бойы ауданымыздың даму жолында тынбай еңбек еткен зейнеткер.
1979 жылы Құрмет белгісі орденімен награтталды. Жыл сайын 5 жылдық жеңімпаз
наградасымен марапатталды. Жоғары советке 2 рет сайланды. ССР жоғары
советінің 1974 жылы 12 наурызда указы бойынша қазақ ССР жоғары грамотасымен
марапатталды. ВДНХ-ның Москваға шақыруымен медалмен наградталды.
1981 жылы Паша Алгилина атындағы Брехнов ақсақалдың алдынан наград алды.
Партия мандатына Алматы Конференциясына 10 рет сайланды. Кәсіподақ конференциясына 4 рет сайланды.
Ленин және Еңбек Қызылту орденімен марапатталған, Ауданымыздың құрметті азаматы наградасымен марапатталған. 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, қазіргі таңда солардың жемісін жеп, немере тәрбиелеп отқан ардақты ана.