Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көктемнің алғашқы күні "Алғыс айту" мерекесімен қатар "Nur Otan" партиясының құрылған күні.

Қиын қыстау заманда мұқтаж болған әр жанға көмек қолын соза білді. Соның арқасында өткен сайлау науқанында халықтың қолдауымен жеңіс тұғырынан көрінді.1-наурыз "Nur Otan" партиясының құрылу мерекесіне орай бүгін "Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалында партиямен тығыз қарым-қатынас орнатып, ел игілігі үшін жұмыс істеп жүрген бір топ азаматты "Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Еркінұлы Амалбек партия күнімен құттықтап, "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихат депутаты Райхан Жүнісқызы Жаныбекова облыстық "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Қожағұлқызы Тойлыбаеваның "Алғыс хаттарын" салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ, жиын барысында партия күні қарсаңында партия қатарына қабылданған жас мамандарға партиялық билеттері де арнайы табысталды.Жиын барысында партия ардагері Әмірхан Бәкіров жас буын өкілдеріне аталық ақылын айтып, ақ батасын беріп, ел болашағы үшін ерінбей еңбек етіп, көк туды көгімізде мәңгі желбіретіп жүретін азаматтар болсын деген тілегін жеткізді.

0
0
203

Осы тақырып бойынша

Көктемнің алғашқы күні "Алғыс айту" мерекесімен қатар "Nur Otan" партиясының құрылған күні. - Yvision.kz