Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көктем келгенде.....

Наурыздың бірінші жұлдызында Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы ашық есік күніне шақырғанда ел-жұрттың айтып жүргені рас па деген ой келді.

Таңертең орталыққа сағат 10-да келдім. Халық ығы-жығы. Кәрі де, жас та, бала да жүр. Невропотолог , психолог , психиатр , психотерапевт , терапевт және гинеколог ,стомотологтың бөлмесінің алдында тұрғындар қаздай тізіліп отыр. Мен де бос орындыққа жайғасып, кезегімді күттім.

Психологтың кабинетіне имене кірдім. Өйткені басым ауырып, буыным сырқырамайды. Сондықтан дәрігерге не айтамын деп қобалжыдым. Психолог та көңіл-күйімді бірден аңғарып, әңгімені өзіңді мазалаған сұрақтан баста деді.

-Қазір шаршамаймын ,бірақ ұйқым шала. Ешнәрсе мазаламайды. Осы ұйқысыздық ауру ма? Барлық кеселдің ушығуына түрткі болады дейді, сол қаншалықты рас?

- Егер бір нәрсеге уайымдасаңыз, оған алаңдауға негіз жоқ. Мұның себебі сіз аз ұйықтасаңыз да шаршап, жүйкеңізге салмақ түспегенін айтып отырсыз. Мұндай жағдайда невропотологпен ақылдасыңыз. Нерв жүйкеңізде ешқандай кінәрат жоқ болса , ол сіздің жаратылысыңыздың ерекшелігі деп ойлаймын. Көбінесе менің пациенттерімнің ұйқысын қашыратын түйіткіл тұрмыстың ауыртпалығы, жұмыссыздық ,кейде отбасындағы дау-дамайдан қажығандар. Әр адамның жеке басындағы оқиғаны жеке-жеке талдап, ем тағайындаймыз дейді, - Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының меңгерушісі Лина Владимировна .

-Ұйқысы нашар адамды психикалық кеселге шалдыққан деп кесіп айтуға бола ма?

-Жоқ әрине, оған объективті түрде баға беру керек. Мысалы, адамның жүзінде қатты шаршағаны, қобалжу байқалса, тіпті күйзелістің нышаны болу керек. Сізде қатты алаңдаушылық жоқ , жабырқап отырған жоқсыз. Бәлкім сіздің нерв жүйкесіңіздің ерекшелігі болар.

Дегенмен психолог кез-келген күрмеуі көп түйіткілдің түйінін тарқатып, тығырықтан шығудың жолы бар екенін ескертеді. Ең бастысы білікті кәсіби мамандардың көмегіне ертерек жүгіну керек.

Ғимараттың бірінші қабатында «Менталды білім беретін мектеп» ашылыпты. Елімізде тұңғыш ашылған мектептің мақсаты не?

Орталықтың директоры Сапар Рахменшеев психологиялық көмекке мұқтаж , алайда емделуге ұялатын , жасқанатын тұрғындарға медициналық психологиялық көмек қолжетімді ету мақсатында «Менталды білім беретін мектеп» ашылғанын айтты.

- Осындай ауруға шалдыққан баланың ата-анасында біріншіден үрей пайда болады. Екіншіден жұрт «жынды» екенін естімесін деп оны жасырып, ұялады. Нәтижесінде перзентін емдеуден бас тартып, ауруы асқынғанда қандай көмек көрсету керектігін білмейді. Мектептің ашылғанына екі аптадан асты. Әр сәрсенбіде науқастардың ата-аналары, туысқандарына есігіміз ашық. Тәжірибе көрсеткендей , олар талай жылдан бері психикалық ауытқуы бар адамның ақысыз емделуге, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектер және жәрдемақы алуға хақысы бар екенін білмеген. Сондықтан тұрғындар өзекті сауалдарына жауап алып, ризашылықтарын білдіріп жатыр. Олар осы уақытқа дейін пациенттің құқығы жайында кімнен және қайдан сұрайтынын білмегенін жасырмайды. Біздің орталықтағы менталды білім беретін мектептің мақсаты халыққа жан-жақты ақпарат беру. Бұған қоса науқастар мен олардың туысқандарымен тығыз қарым-қатынас орнаттық.

- Мектепте халыққа қандай мамандар қызмет көрсетеді?

- Орталықтың дәрігерлері және заңгер сұрақтарға жауап береді.

Жеке басындағы шырғалаңнан шығар жол таппағандар неліктен психологқа баруға намыстанады? Әзірге бұл сауалдың жауабы жоқ.

Дегенмен басына түскен қиыншылықты жеңуге жол таппаған жандарға барынша психологиялық қолдау көрсету мақсатында орталықта бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі орталықтың сайтына cpzalmaty.kz/ru/ кіріп, қазақ-орыс тілінде психиатр , психотерапевт , психологтан кеңес алуға болады. Мамандар «әр дерттің шипасы бар, тек алдын-ала емделуге керек» деп кеңес берді.

Көктемнің алғашқы мерекесі «Алғыс айту» күні орталықта өткен ашық есік күні 60-тан астам тұрғын дертіне дауа іздеп, пайдалы кеңес алды.

Жазира Бегалы

Журналист.

0
0
727

Осы тақырып бойынша

Көктем келгенде..... - Yvision.kz