Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көктем келді, артынан жазын ертіп...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Арман Дүйсенов (Караоке-Шаттығым менiң)

Бейнематериал авторы – Праздник жизни

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Көктем келді, артынан жазын ертіп,

Өзен жатыр әнеки, мұзын тесіп.

Оның да бір сыры бар, қыстан қалған,

Бәрін айтар, босап алып тек мұздан.

Қалаймын мен көктемнің, тырналарын,

Бақ құстарын келеді деп, қарлығашын.

Жаңалығын біздерге, ән қылып төгіп,

Көркейтеді жан жақты, гүлдендіріп.

Қандай әтір керек шіркін, достарым,

Мүңкіп жатса жасыл шөбім, ағашым.

Мас болады-ау бұл иіске, бар айналам,

Қанат бітіп, басып жатса да сағым.

Ағаш өсер, жапырағымен жайқалып,

Нәзігін-ай жапырақтың, жас сәбидей.

Егер келсек біз қасына жақындап,

Қуанады-ау алақайлап, жапырағын соғып.

Бүгін күнде ерекше, тұр ғой күліп,

Күн мен түнде, жатыр міне теңдесіп.

Шашу шашып жатырмыз, биге салып,

Келе жатқан көктемді, біз қарсы алып.

1
0
834

Осы тақырып бойынша