Көкшетауда жаңадан бой көтерген үйдің тұрғындары "Nur Otan" партиясына шағым айтып келді
Балалар ойын алаңы да дұрыс жасақталмаған. Сондықтан құрылысқа қалай да жол бермейміз дейді тұрғындар.

Халықпен кездесуге қалалық партия филиалының төрағасы, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смаилов келді. Әкімге базынасын айтқан тұрғындар 5 қабатты үй салуға жол бермейміз деп бекініп отыр. Ересектер болса балаларға бос жатқан жерге уақытша футбол алаңын жасап беріпті. Енді сол жерде тұрғын үй бой көтермек. Бұл 5 қабатты тұрғын үй жылдар бойы кезекте тұрған отбасыларға арнап салынбақ. Былай тартса арба сынады, былай тарса өгіз өледінің кебін киген әкімдіктегілер, құрылыс мәселесін тағы бір қарап, бұл мәселені тұрғындармен ақылдасып шешетіндігін айтып,көндірді. Мәселе "Nur Otan" партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бақылауында болмақ.
https://www.instagram.com/tv/CHzsa1FHdSZ/?igshid=1pqt9v1tieh2q
