Көкпекті аумақтық филиалының кезектен тыс XXII конференциясы
Аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Көкпекті аудандық филиалының кезектен тыс XXII конференциясы өткізілді.
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жалпы саны 33 делегат қатысты.
Конференция барысында делегаттар Көкпекті ауданының «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын бірауыздан бекітті.
Сондай-ақ, конференция барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер 2 кандидат арасында пікірталас өтті. Үміткерлер өзекті мәселелерді көтеріп, денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, кәсіпкерлік және т.б. салалардағы сұрақтардың шешу жолдарын ұсынды.
Конференция жұмысына қатысқан партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарға дауыс берді. Оның қорытындысы бойынша Болат Бекбердинов басым дауысқа ие болды.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы делегаттары бекіді.
