Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көңілді бүлдіргіштер

Жаз! Сондай жұмсақ, нәзік сөз! Егер де көзіңді сәл жұмып, „Жаз„ сөзін бөліп-бөліп айтсаң, көз алдыңа жарқыраған күн, ыстық құм, терең көл, жасыл желек және де еркіндік пен бақыт сезімі елестер еді. Өйткені бұл балалар үшін көңілді әрі бейқам шақ – көптен күткен жазғы каникул басталды.

Біздің кітапханамызда жазғы алаң аясында іс-шаралар басталды. Қаланың мектеп оқушылары «Көңілді бүлдіргіштер» шеберлік-сыныбы топтамасына қатысты. Нәтижесінде, біреуінде бильбоке немесе попадайка деп аталатын, екіншісінде оригами техникасымен жасалған сөйлейтін қарға, ал үшіншісінде СD-дисктерден жасалған балықтар пайда болды.

Түзету мектебінің оқушылары „Жаз әуендері„ ойын бағдарламасына қатысты, онда олар сүйікті мульфильмдерінің әуендерін естеріне түсірсе, ал аумақтық орталық тәрбиеленушілері „Күн дегеніміз не?„ іс-шарасына қатысып, өздеріне көңілді күн жасап алды.

https://photos.app.goo.gl/MkoCbgUG531gu8MQ8

0
0
335

Осы тақырып бойынша

Көңілді бүлдіргіштер - Yvision.kz