Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көңіл қымбат, көңіл қымбат, шіркін-ай (Аудио өлең)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий «Огонь любви»

Бейнематериал авторы – Дмитрий Метлицкий

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Көңіл қымбат, көңіл қымбат, шіркін-ай,

Тоқ қылатын біреуді, тоздыратын біреуді.

Қайта келмес, кім түсінген, өмірді,

Екі айналып келмейді ғой, келмейді.

Көңіл деген семірер, егер болса,

Адалдық пен парасат, тек қасында.

Таза ниет соңынан, егер қалса,

Өшпес аты адамның, мынау жалғанда.

Көңіл – көңіл, қиын болды-ау жағдайың,

Бірінің – бірін сатып жатыр, абыройын.

Бұл көңілге қарамай, бауыр етін,

Тастап жатыр далаға, дым ойланбай.

Түсірдік-ау, құныңды, қайран көңіл,

Жетім қылып, жалғанда, ата – ананы.

Қияметтен – қиямет, одан түгіл,

Ата – ананың өмірін, үзген болса.

Көңіл деген жүдейді, егер қалса,

Сатқындық пен сайқалдар, тек қасында.

Арамдық пен, өмір сүріп, тек жатса,

Арттан ерер, жаман сөз, мынау жалғанда.

2
0
1206

Осы тақырып бойынша