Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Jas Talks» жалғасын табуда

«Jas Talks» жалғасын табуда

Бүгін партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Бас директоры Дархан Қыдырәлі, «Әділдік жолы» республикалық ҚБ атқарушы директоры жастармен кездесті.

Спикерлер кездесу барысында қатысушылардың сұрағына жауап беріп, форум жұмысы жастарға асқақ рух, жаңа жігер сыйлайтынына сенім білдірді.

«Қазақстанның әр тарапынан келген жастар еліміздің бүгінгі көңіл-күйінің айнасы. Қаңтарда «Буырқанған бұла буын» деген мақала жазып едім. Сіздер сол буырқанған буынсыздар. Сіздерді Мағжан айтқан, Қасым айтқан рухты жастарсыздар деп білемін», – деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.

Өз кезегінде, Съезге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, ұсынысын да жеткізді. Ел тарихына, тарихи тұлғалардың жүріп өткен жолына, тағдырына қатысты сауалдарын жолдады.

#Жастаррухы #AMANAT #VIсъезд

0
0
197

Осы тақырып бойынша

«Jas Talks» жалғасын табуда - Yvision.kz