«Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен«Тәуелсіз Қазақстан жастары» аттыфлешмоб өткізілді.
Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен, «Тәуелсіз Қазақстан жастары» атты
флешмоб өткізілді.
Флешмобты өткізуге Мұнайлы ауданының «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері қатысты. Қолдарына жалаушалар ұстаған жастар «Алға Қазақстан» және «Атамекен» сынды патриоттық әндерді шырқады. «Бұл флешмобты өткізудегі басты мақсат – жастарымыздың елге деген патриоттық сезімін оятып, елдің келешекке сенімділігін нығайту. «Біздің Қазақстанымыз – өзіміздің әлеуетімізді көтеріп, жан-жақты дамуымызға ең қолайлы ел. Сол себептен, біз еліміздің келешектегі игілігі үшін барлығын жасаймыз», – деді «Jas Otan» Жастар қанатының белсендісі Қ.Жумағулова.
Флешмоб соңында жастар естелікке суретке түсіп, көтеріңкі патриоттық көңіл-күймен тарасты.
