Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Jas Otan" Жастар қанатының Құрманғазы ауданының ерікті белсенділері

Құрметті жерлестер! 2021 жылдың 10 қаңтар күні ел тағдырына өзгеріс әкелер күн екені баршаңызға мәлім. "Nur Otan" партиясы сайлау алды үгіт насихат жұмыстарын бастады. Біздер, "Jas Otan" Жастар қанатының Құрманғазы ауданының ерікті де белсенді, "Nur Otan" партиясының жақтастарымыз. Құрманғазы ауданының барлық 19 ауылдық округі жастарынан құралған, жалпы саны 78 жасты қамтыған үгіт-насихат тобымыз. Карантин шектеулеріне байланысты фото-суретте бір бөлігіміздің ғана басымыз қосылды. "Jas Otan" ЖҚ-ның аудан бойынша 800 ден астам жастары бар екенін де мақтанышпен айта аламыз.

Ел тағдырына бей-жай қарамайтын Жас Отандықтардың жағдайларын жасау мақсатында киім-кешектері, жүріп тұруы мен тамақтанатын мүмкіндіктерін "Nur Otan" партиясы қамтамассыз етті.

Қадірлі жерлестер! "Nur Otan" партиясы осыған дейін алдына қандай да жоспарлар қойып, орындап келді. Алдағы 5 жылға қойған жоспарлары да жастардың көңілін қуантады. Біраз мүмкіндіктерге жол ашқалы тұр. Білімді де иманды, саяси сауатты жастар бұл мүмкіндіктерді жіберіп алмайды деген сенімдеміз. Әр түрлі кері тартпа сөздерге еріп, ел тағдыры шешілер тұста есеңгіреп қалмайық.

Сонымен қатар 11 желтоқсан күні Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлымен болған сьезде:

— "Жастар-Отанға!" 2025 жылдарға арналған бағдарламасы;

— Орталық кеңестің жаңа құрамы;

— Жарғының толықтырулары мен өзгерістері бекітілді.

Бұл құжаттар еліміздің жастарының дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз!

#JasOtan

#NurOtan

0
0
141

Осы тақырып бойынша