«Jas Otan» жастар қанатының кезектен тыс ХІХ конференциясы
Конференцияға «Nur Otan» партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Әбілов Елубай Жақайұлы, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Фазылбек Абылай Фазылбекұлы, конференцияға сайланған 30 делегат, белсенді жастар, студенттер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты. ⠀ Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. «Jas Otan» жастар қанатының МОФ төрағасы Н.Мағдатов 2018-2020 жылдары аралығында атқарылған жұмыстарының есебі және «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне делегаттарды сайлау. ⠀ Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жастар қанатының төрағасы Н.Мағдатов есеп беріп, жастар қанатының атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Конференцияда қаулы қабылданып, алдағы съезге делегаттар сайланды. ⠀ «Жастар қанаты ағымдағы жылы 140-тан астам іс-шара өткізді. Шаралардың барлығына өңірдегі жастар қатыстырылды. «Жастар Отанға» 2025 жылға дейінгі бағдарлама бойынша өңірде 8 жол картасы әзірленді. Алда өңір жастары үшін коворкинг орталығын ашу мақсаты тұр» деді «Jas Otan» МОФ төрағасы Н.С.Мағдатов. ⠀ #NurOtan #JasOtan #NurOtanMangystau #JasOtanMangystau
