"Jas Otan" жастар қанатының белсенділерімен онлайн форматта кездесу
Мұнайлы ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының атынан аудан мәслихатына үміткер Р.Конысов Мұнайлы аудандық "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының белсенділерімен онлайн форматта кездесу өткізді.
Кездесу аясында Р.Конысов белсенділердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы тоқталып өтіп, пікір алмасты. Жастар тарапынан үгіт-насихаттық парақшалардың таратылуы, имиджік тауарлар жайында да сауалдар түсіп, жауаптары берілді.
Жалпы, Мұнайлы ауданында 100-ден астам белсенділер партияның үгіт насихаттық парақшаларын тарату жұмыстарымен белсенді айналысуда.

