Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Jas Otan"мүшелерімен жəне ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізді.

"Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек " деп Партия төрағасы, Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, жастар қоғамның қай саласына болсын өз қолтаңбаларын қалдырып келеді."Nur Otan"партиясының сенім артар оң қанатына айналған "Жас Отан" жастар қанаты сайлау науқанында да белсенді саяси күштің бірі болып отыр. Бүгін аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Н. Беркімбаев, А. Ибраева, Д. Əбдікерім "JAS OTAN " жастар қанатының төрағасы Ə. Мырқасымов бастаған " Jas Otan " мүшелерімен жəне ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізді. Іс шарада кандидаттар үгіт насихат жұмыстарына атсалысып жатқан аудан жастарына өз ризашылықтарын білдіре келе, сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарымен таныстырып, партия жұмысы туралы сөз қозғады. " Қай кезде де жастар - ел болашағы. Сондықтан олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау жəне жұмыспен қамту партияның басты басымдығы екендігіне, партия тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталып өткен "Jas Otan " жастар қанатының төрағасы Ə. Мырқасымов сайлау науқанында кемел келешек үшін өз таңдауымызды жасап,белсенді жұмыс атқаруға шақырды. Кездесу барысында ауданның белсенді жастары Асқар Бақтияр, Қыздарбек Азамат сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті. Партия белсенділерімен бірге үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, материалдарын таратуға жəне сайлауалды бағдарламаның ауыл жастарына берер мүмкіншіліктерін түсіндіру жұмыстарын атқарып жатқандықтарына тоқталды. Кездесу соңында бірлікпен, татулықпен алға қойған мақсаттар мен міндеттерді іске асырып, Жеңімпаз болуға жасотандықтар сенім білдірді.

0
0
115

Осы тақырып бойынша

"Jas Otan"мүшелерімен жəне ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізді. - Yvision.kz