Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Іздедім-ау мен сені, жан жағымнан...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Tony Valiere “Ces jolis mots d'amour”

Бейнематериал авторы – Tatiana Blue

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Өмір, өмір шіркін-ай, сиқырлы әлем,

Нені іздедім, мен сенің, тізбегіңнен?

Ай мен, күннен іздедім, беріп сәлем,

Өлеңімнің іздедім мен, сөздерінен.

Адастың ба бақытым, сен жолыңнан,

Іздеріңді іздедім, сайдан-қырдан?

Сылдырлаған іздедім, мен бұлақтан,

Алтын құмнан іздедім, кең даламнан.

Іздедім-ау мен сені, жан жағымнан,

Айлы түннен іздедім, атқан таңнан.

Тағдырымның іздедім, боранынан,

Көз жасымнан іздедім, сары мұңнан.

Бақытым-ау, қайда сенің тұрағың,

Мазалайтын, осы менің, сұрағым?

Іздеп жүрген бақытым, күндерімнен,

Жүрегімнің табылды-ау, дүрсілінен.

1
0
430

Осы тақырып бойынша