Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Менің Nur Otan партиясына мүше болуыма түрткі болған жағдай.

Биылғы жыл біздің еліміз үшін оңай жыл бола қойған жоқ.Себебі, өте қиын кезеңді бастан кешірдік. Бұл біздің ғана емес, жалпы әлемдегі адамзаттың бет-бейнесін, тұрмыс- тіршілігін өзгертті. Ауыр дерттің алдында дамыған мемлекеттердің өздері дәрменсіз болып отыр. Оған бәріміз куәміз. Қарақия Ауданының осындай қиын кезеңнен Қарақия орталық аудандық ауруханасы басшыларымыздың біліктілігі, ұйымдастырулары, әр науқас үшін уайымдап барынша жағдай жасауымен, Медицина саласындағы қызметкерлердің барлығының ерең еңбегімен, Қарақия Ауданының әкімінің, әкімдіктің ұйымдастырып, қолдауымен, халқымыздың барлығының бірігіп барынша, жан-жақты көмегімен, еріктілердің батылдығымен шықтық деп білемін. Және де менің байқағаным партиялардың ішінен #Біз біргеміз ұранымен көмекке келген, жеке өзімізден жағдай, қандай көмек керек екенін, қандай мәселе бар екенін сұраған Nur Otan партиясының азаматтары болды. Көмек көрсеткен әр бір азаматқа алғысымыз шексіз.

Медицина саласына бірінші кезекте көңіл бөлініп, медицина саласындағы мәселелер бірінші шешілуі керек деп ойлаймын. Себебі, халқымыздың денсаулығы басты құндылық.

Саулаудан алдын, Nur Otan партиясы туралы толық ақпаратпен таныстым.

1. Nur Otan партиясы еліміздегі ең беделді партия. Ең ірі саяси ұйым.

2. Партияның барлық аймақта филиалдары жұмыс жасайды. Қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс жасап, әрбір тұрғынның арыз-шағымының шешілуіне ықпал етеді.Шағымның орындалуын бақылап, тиісті органдарға қарапайым тұрғынның мәселесін жеткізеді.

3. Партия жанында 20 жылдық тарихи бар ең ірі жастар ұйымы МК "Jas Otan" жастар қанаты бар. 100 мың жастың басын біріктіріп, жастарға қажетті жобаларды жүзеге асырып келеді.

4. Партия жанында партиялық бақылау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия секілді тұрақты комиссиялары бар. Әр комиссия өз жоспары негізінде партиялық бақылауды іске асырады. Кем-кетік жерді айтып, ұсыныс енгізеді. Ұсыныстың орындалуын бақылайды.

5. Жастарға үлкен мүмкіндік бар. Жастардың сөзін тыңдап, жастарға қатысты тың бастамаларды көтеріп келеді.

6. Бастысы, партияда тұрақтылық бар. Тұрақтылық бар жерде даму бар. Даму бар жерде, өзгерісте болады.

7. Партияның алдағы уақытта өңірлерді дамытуға арналған 216 сайлауалды бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама арқылы өңірдің дамуына жұмыс жасауға болады.

8. Пандемия уақытында #бізбіргеміз республикалық акциясы аясында, көп отбасыларға көмек қолын созды. 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмекте берілді.⠀

Мен не үшін Нұротандықпын деген сұраққа қарапайым осы мысалдар арқылы жауап беруге болады. Мен тек бастыларын ғана жаздым.

0
0
125

Осы тақырып бойынша

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! - Yvision.kz