Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Кездесуде Елбасының басшылығымен өткен жол: Қазақстанның басты бағытыттарын айтып берді.
Бірінші – Қазақстанның айналасына «тату көршілік белдеуі» түзілді.
Екінші – экологиялық апаты асқынған ауқымды аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Үшінші – Қазақстанда бірлік, бейбітшілік, келісім және тұрақтылық түбегейлі орнықты.
Төртінші – түбегейлі жаңа нарықтық экономика құрылып, еліміздің әлеуеті едәуір артты.
Бесінші – демографиялық дағдарыс еңсерілді.
Өзгерістер жолы:
Әр азаматқа лайықты өмір!
Алтыншы – қазақстандықтардың өмір сүру сапасы едәуір жақсарды.
Жетінші – экономиканың жаңа салалары қалыптасты.
Сегізінші – еліміздің ұзақ мерзімді экономикалық қауіпсіздігі үшін жағдай жасалды.
Тоғызыншы – көлік тәуелсіздігі қамтамасыз етілді.
Оныншы – тәуелсіз Қазақстанның символына айналған және әлемдегі кез-келген заманауи мегаполистен кем түспейтін, ел мақтанышы – жаңа астана бой көтерді.
