Іскер және белсенді әйелдердің қатысуымен кездесу өтті

Басқосуды саяси кеңес мүшесі, білікті мұғалім Жандос Амангелдиев ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар ол Қазақстандағы әйелдердің қоғамдағы орны жөнінде кеңінен түсінік берді. Жиынға қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауға жасалынып жатқан жұмыстар, әсіресе қоғамда әйелдер тарапын қорықпай өз ісін бастауға ынталандыру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ іс-шара қатысушылары ауданымызға қажетті кәсіп түрі, оны дамыту жолдары жайында ұсыныс-тілектерін ортаға салды.
