Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өткізілді.
Бүгін «Nur Otan» Партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және ауылдық жерлерде шағын несиелеудің тиімді жүйесін дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында саяси кеңес мүшелерінің қатысуымен арнайы іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өткізілді.
Жиын барысында Төлеби аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы О.Жанкалов кәсіпкерлікті дамыту жолындағы тиімді жұмыстарды іске асыру жолдарын және ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға жасалынып жатқан жұмыстар жайында тоқталып өтті.
