Ішкі туризімді дамыту «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі
Жиынның күн тәртібінде «Туризмнің әртүрлі бағыттарын дамыту туралы және «Алакөлдің туристік нысандарына инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымын дамыту туралы соның ішінде Үржар уданындағы әуежайды қайта жаңарту, сумен жабдықтау, су бұру желілерін, электр беру желілерін салу мәселелері қаралды. Айта кету керек бұл жұмыстарды жүзеге асыру облыстық сайлауалды бағдарламаны орындау жөніндегі Жол картасының 31,32 тармақтарында нақты көрсетілген.
«Мәдени-танымдық туризм облыстағы туризмнің негізгі түрлерінің бірі өйткені ШҚО түркі өркениетінің пайда болу орталығы. Туризмнің әрбір бағыты мен түрі бойынша облыстың туроператорларымен бірлесіп туристік маршруттар әзірленіп облыстық Visiteast.kz порталда орналастырылды.
Visiteast.kz туристік порталы үнемі жаңартылды онда туристтерге қажетті барлық ақпарат жарияланып отырады. Заман талабына орай Instagram әлеуметтік желісінде @Visiteastkz ресми аккаунтты ашылып белсенді жүргізілуде. Бекітілген контент жоспарына сәйкес өңіріміздегі туристік орындарға байланысты күн сайын жарияланып отырады»,- деді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы Бодукова Инара.
Сонымен қатар, ШҚО туризм басқармасы Nur Otan партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы шеңберінде «Алакөл алаулары» фестивалі, жазғы және қысқы маусымның ашылуы, шетелдік туроператорлар үшін ақпараттық турлар сияқты бірқатар бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланғандығын жеткізді.
