Исатайлық ұстаздар шахматтан қарсыласқа шақ келтірмеді...
Ұлы ақынның мерейтойына арналған турнирге 7 командадан 21 ойыншы қатысты. Бұл сында Исатай ауданы қомандасы облыстан оза шауып жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ, «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының шахмат бөлімі мамандары Махамбет Ахметқалиев пен Ержан Бөкенов және Гагарин атындағы орта мектеп мұғалімі Зульфия Жұмаевадан құралған аудан құрамасы жүлделі 1 орын иеленді. Екінші орынға Мақат ауданы қол жеткізсе, Құрманғазы ауданының ұстаздары үздік үштікті қорытындылады.
