Исатай ауданындағы үгіт-насихат жұмыстары
Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырылды. Сондай-ақ, бағдарлама қамтитын негізгі бағыттар, оның ішінде жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қозғалды. Сонымен қатар., Исатай ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары әрі қарай жалғасын табатынын айтты. Оның ішінде жеке қажеттіліктерін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың онлайын-режимде өз бетінше техникалық оңалту құралдарды, әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін Бірыңғай Әлеуметтік қызмет порталын 2021 жылы іске қосу, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ауданда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын құру жоспарланып отырғаны айтылды. Сөзін аяқтай келе үміткер еліміздегі беделді партия- "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.


