Исатай ауданында канвассинг өтті
Сайлауалды Канвассинг аясында «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлыбек Ожаев Исатай ауданына қарасты Хамит Ерғалиев ауылына арнайы барып, еңбек ардагері Таңабай Меңдіғалиев ағамызбен және денсаулық саласының ардагері, "Алтын қолды дәрігер" атағының иегері Күләш Нұрманованың үйінде болды.


"Nur Otan" партиясының Атырау облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, саяси науқан төңірегінде толыққанды ақпарат берді. Еңбегін ел бағалаған ардагерлер маған батасын беріп, ризашылығын білдірді.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді
Сайлау 2021
