Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңірдің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша жиын өтті

Шараға Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ғ.Елшібаев және А.Амиралиев, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Қойбағаров, Н.Клушев, Х. Аширбеков, Ф.Қалтаева өңірдің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша 1-топ мүгедектері: Барлыбаев Жомарт, Кабдешова Болдық, Валиев Заргар, Жанаев Айдарбек, Балғабаев Қожаназар, 2-топ мүгедектері: Джиеналиева Патима, Ермекбаева Мөлдір, Оразбаева Гүлнар, Бекмуратова Гүлнар және 3-топ мүгедегі Адилбекова Роза аудандық штабта кездесіп, жиын өткізді. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта жағдай жасалғандығын айтып, сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесін талқылады.

Осы басқосуда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдемақы, дәрі-дәрмек, емдеу-оңалту шараларына көңілдері толатынын, дегенмен Төлеби аудан орталығында бірқатар мекеме мен сауда-саттық орындарында пандустардың жоқтығы, бар болған күннің өзінде сапасы сын көтермейтінін, мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын ашу, сонымен қатар қоғамдық автобусты жиі-жиі жүргізсе, бірінші мөлтекауданда сөйлейтін дыбысты бағдаршам болса, инватакси қызметін арттырса, -- деп осы мәселелерді шешіп беруін айтты. Кандидаттар көтерілген мәселенің өз шешімін табатынын жеткізді. Жиын барысында жоғарыда аталған мәселелер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында да қамтылғаны мәлім болды.

Атап айтсақ "Тең мүмкіндіктер құрамыз" атты бағдарламаны таныстырды. Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Аудан бойынша паспортталған 119 (100%) мекеме мен кәсіпорындардың ғимаратында пандус орнатылған. Ауданда 2 инватакси 153 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуде.

Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы: инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 33-тен 45-ке (100%) жеткізуге; мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 29,8%-дан 2025 жылға дейін 70,6%-ға жеткізуге; мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимінде көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге; 2025 жылға 150 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға ықпал етеді.

Нәтижесінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға кедергісіз орта орнайды, мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамту деңгейі 70,6%-ға жетеді.

2
0
180

Осы тақырып бойынша

Өңірдің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша жиын өтті - Yvision.kz