«Өңірдің экожүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Бүгін Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық филиалының конференц-залында «Өңірдің экожүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Президент Жолдауының аясында экологиялық тәрбие беруге бағытталған шараға бастауыш партия ұйымдары қатысты. Азаматтық қоғам өкілдері мен партияның жас белсенділері тақырыптық сұқбатқа онлайн режимде қосылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар түрлі экологиялық қорлардың жұмысын, экологиялық-ағарту шараларын күшейту және экологиялық сананы қалыптастырудағы қоғамның рөлі туралы пікір алмасты.
