Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңірдегі білім және денсаулық сақтау салаларының мамандарымен ашық диалогтық кездесу

2020 жылдың 30 қараша күні «Nur Otan» партиясының ғимаратында «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары – Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен өңірдегі білім және денсаулық сақтау салаларының мамандарымен ашық диалогтық кездесу өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасының білім және денсаулық сақтау салалары үшін жасаған прогрессивті бағдарламалары мен еңбегін насихаттау және аталмыш сала мамандары үшін жасалатын алдағы басымдықтар туралы талқылау.

Кездесу барысында Мұрат Рахметұлы қатысушыларды мерекемен құттықтай отырып:

- Елбасы әрдайым өзінің сөзінде - «Елдің тұрақтылығы мен өміршеңдігін сақтаушы бірден бір салалар – білім және денсаулық сақтау салалары», - деуші еді. Расымен де, бұл салалардың алдыңғы қатарлы мамандықтар екенін жаһандық саяси-экономикалық және әлеуметтік үрдістер мойындап келеді. Бұған дәлел – үнемі өсу деңгейін ұстап келе жатқан жалақылары, әлеуметтік кепілдіктері мен қорғалу құқықтары көрсетілген жекелеген заңдары деп ойлаймын – деді ол.

Сенімді өкілдермен өткен кездесуде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры – София Ізмұқанбетов сөз алып:

- Қазір өзгерістер кезеңін басымыздан өткерудеміз. Бұрындары өзгеріс 10 жылдық, 30 жылдық уақыттардан соң байқалатын еді. Бүгінгі күні оның жылдамдығы көз ілестірмейді. Сондықтан да, ескірген кейбір дағдыларды тастап, жағдайға қарай тез бейімделіп өзгеруді үйрену керекпіз. Пандемия кезінде білім саласына түскен үлкен күш – Онлайн оқыту жүйесі болды. Мәселе ғайыптай пайда болмайды және ғайып болып жоғалмайды. Бірақ, мәселемен күресу үшін жараның бетін тырмалай берудің пайдасы жоқ, оның орына бірлесіп шешу жолын қарастыру керекпіз. Өзгерістер болса, оны қабылдап, жаңасына бейімделу қадамдарын ұйымдастырсақ, халық пен қоғам арасында өзара түсінісу үндестігі нығаяр еді, – деген көзқарасын жеткізді.

Кездесу соңында, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университеті ректорының көмекшісі – Аида Маратова жиынға қатысушы әріптестерін ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып:

- Ағымдағы жылдың 17 қараша күні өткен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде өте көп жағымды жаңалықтар айтылды. Әсіресе, білім саласы мен денсаулық сақтау саласы үшін алдағы уақытта жүзеге асырылайын деп отырған бағыттар - маған үлкен серпін берді. Аталмыш съез барысында Елбасы - «Партиямыз сөздің емес, істің партиясы» деген еді. Иә, шынымен де, нақты істерге көшуіміз және ісіміздің нәтижесін көрсетуіміз керек деп ойлаймын. Сіз бен біз болып қоғамға жақсы ойларды қалыптастырсақ, қоғамдағы жағымды ойлар халықтың көзқарасын қалыптастыратынына сенемін, - деді.

0
0
251

Осы тақырып бойынша