Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңірде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Аталған медициналық орталық қаламызды түрлі аурулардың диагностикасымен, емдеу және денсаулыққа арналған тексерістермен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме.

Кездесуде сөз алған үміткер Д.Унайбаев 2020 жылы қиыншылықтар мен кедергілерге толы жыл болғандығын, соның ішінде медицина қызметкерлерінің пандемия кезеңінде жасаған жұмыстарының зор болғандығын айтып өтті.

“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағытының жеті бағыты таныстырылды. Жұмысшылар ойларында мазалап жүрген көшеның жарықтандыру, жаңа медицина орталығы, тазалық, бизнес, білім сынды мәселелерді талқылап, тиісті жауаптар беріліп, қала жағдайын жақсартуға өз ұсыныстарымен бөлісті.

Халық таңдауы бойынша партияға дауыс беру жөнінде үгіт насихатта өздерінің, партияның халық жағдайы үшін талмай еңбектенетіндеріне уәде берді.

Өз кезегінде жиынға қатысушылар «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысына оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.

0
0
161

Осы тақырып бойынша

Өңірде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде - Yvision.kz