Өңірде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Осыған орай бүгін қалалық сайлауалды штабының орынбасары А.Нұртаев бастаған облыстық және қалалық мәслихатқа үміткер депутаттар М.Кульбеков, Б.Бердібайұлы, Ш.Акджигитов, Ж.Көптлеуов, И.Қаржаубайұлымен Қ.Елтизаров “Ақсарай” қонақ үйінде “Өзенэнергосервис” коммуналдық мекемесінің жұмысшыларымен кездесті.
«Nur Otan» партиясы қаланы дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Бұл орайда ауданда ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлерге қолдау, жолдардың сапасын жақсарту, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, тұрғын үйге қолжетімділік, медициналық қызмет көрсету мен білім саласын ілгерілету, тең мүмкіндіктер қоғамы, бұқаралық спортты дамыту бағытында мүдделі жұмыстары бар. Бұдан басқа да біршама жұмыстар легі 2025 жылға дейін жүзеге асырылады.
Штаб мүшелері сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Сұрақ-жауаптар алмасылып жауаптар берілді. "Энергосервис" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысатынын жеткізді.
