Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңірде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Қарамурзаев, М.Кульбеков, Б.Жарылгасова және З.Нугаеваның сенімді өкілі Ж.Бүркітовамен бірлікте Жаңаөзен қаласының сүт зауыты қызметкерлерімен кездесті.

Жаңаөзен қалалық сүт зауыты қаламызды сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме. Кездесуде 2020 жылы қиыншылықтар мен кедергілерге толы жыл болғандығын, «Nur Otan» партиясының алдағыда жеті бағытпен жұмыс жасайтындарын атап өткен болатын.

Халық таңдауы бойынша партияға дауыс беру жөнінде үгіт насихатта өздерінің, партияның халық жағдайы үшін талмай еңбектенетіндеріне уәде берді.

Жұмысшылар ойларында мазалап жүрген көшеның жарықтандыру, тазалық, жол сынды мәселелерді талқылап, тиісті жауаптар беріліп, қала жағдайын жақсартуға өз ұсыныстарымен бөлісті.

Өз кезегінде жиынға қатысушылар «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысына оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.

0
0
187

Осы тақырып бойынша

Өңірде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде - Yvision.kz