Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Инженерлік инфрақұрылым нысандары жүргізіледі

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қалыйма Жантөреева, Мұрат Садуов, Данияр Юнусалиев, Насиба Атаева, Жанат Тоғайбекова Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесті.

«Есіктен-есікке» акциясы аясында тұрғындарға сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Ұсыныстарын тыңдады.

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Ауылдық округтердегі елді мекендерді 2021 жылы толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, елді мекендерді 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Нәтижесінде Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл округтері толық, 100% таза ауыз сумен қамтылады.

2025 жылға дейін газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесі 65,9%-ға, ал қала бойынша 100,0%-ға жетеді.

Осы тақырып бойынша

Инженерлік инфрақұрылым нысандары жүргізіледі - Yvision.kz