«Инклюзивті білім беруді іске асырудың жаңа тәсілдері» атты оқыту семинары
«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы «Инклюзивті білім берудің жаңа тәсілдері» атты тақырыпта ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен онлайн ZOOM платформасы арқылы семинар треннинг ұйымдастырылды.Семинар треннинг жұмысына психолог, әлеуметтік педагог, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Бисенова,аудан мектептерінің деффектолог мамандары қатысты.
Аудан бойынша арнайы бағдарлама арқылы 6 бала үйден оқиды.Негізінен инклюзивті білім беру бағытында 151 бала қамтылып отыр.
Ата-аналардың өтініші бойынша және ПМПК шешімімен мүгедектігі туралы анықтамасы бар балаларды мұғалімдер үйіне барып оқытады.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
