Инклюзивті білім беру игерілуде
Іс-шара мақсаты инклюзивті білім беру жүйесінің маңыздылығын түсіндіру.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.


Бұл оқыту түрі – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылатыны айтылды. Сонымен қатар инклюзивті білім беру жүйесі арқылы балалар сапалы білім алу және өздерін потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болатыны және мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік алатыны сөз болды.
