Имидждік мақала
Психология (грек. - жан; грек. - білім) - бұл адамдар мен жануарлардың мінез-құлқы мен психикалық процестерін зерттейтін ғылым. Қазіргі психологияда көптеген салалар ерекшеленеді: жалпы психология, жас психологиясы, Әлеуметтік психология, Дін психологиясы, нейропсихология, отбасылық психология және т.б. Оған қоса, басқа ғылымдар мен ғылыми білім салалары да (генетика, логопедия, Заңтану, антропология, психиатрия, медицина және т. б.) психологияға енеді.
Мен психология саласын 2015 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетте меңгере бастадым. Әлі күнге дейін ең алғашқы дәрісім есімде. Психодиагностика сабағы - Профессор Оспанова М.П. берді. Сол дәрістен кейін, мен өз мамандығымды таптым деген сенімде болдым. 2019 жылы оқу орнымды тәмәмдағаннан кейін, Алматы қаласында басқа мамандық бойынша жұмыс жасадым.
2020 жылы Психология мамандығы бойынша білімімді жалғастыруға бел будым. Университет таңдауға уақыт келген кезде, әрине бірден ойыма Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті келді. Себебі, бұл оқу орнына түсу арманым етін. Грантқа иегері атанған кезінде өте қуандым. Құжаттарды тапсырғанда, университетте “Психология” бойынша басқа да сала бар екенін білдім, сөйтіп іріктеу барысында “Клиникалық психология” бағытын таңдадым.
1934 жылдың 15 қаңтарында іргетасы қаланған университет – қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан ЖОО басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, ТМД-ның «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Тек елімізде ғана емес, басқа елдерде де танылып, бағындыруда. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-дарынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-200 ең үздік университеттер қатарына еніп, 165 орынды бағындырды. Аталмыш топқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) енді. QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін Қазақстанда алғаш болып иеленген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш университет болды.
Алғашқы күні, мен "Жалпы және қолданбалы психология" кафедрасына келдім, онда куратор доцент Садвакасова Зухра Маратовнамен таныстым. Алғашқы күннен бастап Зухра Маратовна бізді жылы қарсы алды, бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп, жаңа білімге ынталандырды.
Оқу барысында п.ғ.д., профессор Бердібаева С.Қ., п.ғ.д., доцент Тоқсанбаева Н.Қ., п.ғ.к. Болтаева А.М. және басқа оқытушылардың дәрісін алдым. Оларға алғысым шексіз, себебі олар тек оқу жағын қамтып қана қоймай, өмірлік тәжірибелерімен бөлісе отырып, бізге үлкен насихат қалдырып отырады.
Ғылыми жұмыстарға келетін болсақ, менің ғылыми жетекшім болған психология ғылымдарының докторы, “Жалпы және қолданбалы психология” кафедрасының профессоры Аймаганбетова О.Х. жеке танысуға мүмкіндік бергені үшін ҚазҰУ-ға алғысымды білдіремін. Біз маңызды тақырып бойынша жұмысты бастадық. Аймаганбетова О.Х. әр магистрантқа жол таба алады және оны дұрыс бағытқа итермелейді, қолдайды, қателіктерді түзетеді, мақсатқа жету жолында үлкен шабыт береді.
Қорыта келе, жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, осы оқу орнының магистранты ретінде, университет толыққанды білім алу үшін және қазіргі әлемнің талаптарына сай болу үшін көптеген таңғажайып мүмкіндіктер береді деп үлкен сеніммен айта аламын.
«Клиникалық Психология» мамандығы бойынша 1 курс магистранты - Орынбасарова Сымбат Ержанқызы.
Ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Аймаганбетова О.Х.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
