Иманды қыз, сүйкті жар, аяулы ана!!!
Иманды қыз, сүйкті жар, аяулы ана болу үшін не істеу керек:
Бірінші: "Анасын көріп қызын ал" деген сөз бекер айтылмаған. Ал Қорқыт бабамыз: "Қыз анадан көрмейінше - өнеге алмас, Ұл атадан көрмейінше - сапар шекпес" деген екен. Егер сен ананңан жақсы тәрбие алып жүрсең, ойлағаныңа жетерсің. Ал керсінше осы бастан ата-анаңды тыңдамай, оларды қадыр тұтпасаң, оларға сөз келтірсең, мақсатыңа жете алмайсың. Раббымыздын озі әмір еткен емес пе: " Өзіңе ғана ғибадат етуді, әке-шешеге жаксылық қылуды. Олардын бірі немесе екеуі қолдарыңда болса, олардан тух, деп жерінбе, екеуіне де жылы сөйле. Мархабатт кұшағын жай да, оларды сүйспеншілігіне бөлей көр
Екінші: дос тандауда абай бол! Басыңа іс түссе аршалай алатын, ауырыңды жеңілдетер дос таңдай біл. Араласатын ортаң үлгілі, салмақты болсын. Айналаң топас, тобыр болса, озіңнін де мал болғаның. Өмірде адам бойына енуге құмар жамандықтардын түрі көп, міне осыдан сақтан. Себебі, болашақта аяғыңа тұсау болуы әбден мүмкін. Жамандыққа бойың бір үйренсе, одан арылу қыиын. Жақсы адам болу тек өзіңе ғана байланысты.
Үшінші: болашағыңа жол ашар, жемісін көрер, қабілетіңе қарай мамандық таңда. Сол мамандығың бойынша кәсіп ізде. Тұла бойың, ойың, санаң таза, пәк кезінде білім сусынымен сусындап ал. Пайғамбарымыз бір хадисінде "Бесіктегі кезіңнен кәбірге шейін білім ізде" деген.
Төртінші, егер сен жоғарыда айтылғаннын бәрін орындасаң, ойыңдағыдай жігітке жолығасың. Өйткені сен иманды қызсың. Адал, пейілі ақ, тусі жылы жанды Алла өзі колдайды. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде: "Егер пендем Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір адым жақындаймын, Маган бір адым жақындаса, Мен оған екі қадам жақындаймын. Қашан ол маған жүрсе, Мен оған жүгіремін" - деп айтқан екен
