Илья Ильин - үш дүркін әлем чемпионы!
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде жерлесіміз бен еліміздің мақтанышы, Бейжің олимпиадасының жеңімпазы Илья Ильин қоссайыстың қорытындысында 407 (181 жұлқи көтеру + 226 серпе көтеру) килолық зілтемірді басынан асырып, үш дүркін әлем чемпионы атанып, көгілдір экран алдындағы жанкүйер көрермендерін бір қуантты. Алтын атлетіміз жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арнады. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!




