Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ілгерілеу жолындағы нық қадам

Халықаралық ынтымақтастық - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметінің басым бағыты, білім беру сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып табылады. Ірі халықаралық форумдарға қатысу және беделді салалық бірлестіктерге (қауымдастықтарға) мүшелік - бүгін де қол жетімді ғана емес, сонымен қатар, шет елдерде Университет пен ұйымдардың танымалдылығын арттыру, өз мүдделерін ілгерілету және іскерлік ынтымақтастықты дамыту үшін ең тиімді және табиғи құрал болып табылады.

ҚазҰУ-ның халықаралық ынтымақтастық географиясы айтарлықтай кең. Қазіргі уақытта университеттің білім беру және мәдени ынтымақтастық саласындағы шетелдік серіктестері Австрия, Түркия, Нидерланды, Латвия, Ресей, Қытай, Германия, Испания, Швейцария, Корея, Жапония және басқа елдердің оқу орындары, ғылыми мекемелері, халықаралық ұйымдары болып табылады. Бүгінгі таңда осы елдердің университеттері мен ҚазҰУ арасында студенттермен және оқытушылармен алмасу академиялық бағдарламасы белсенді жүріп жатыр.

Жыл сайын ЖОО факультеттерінде бірнеше халықаралық мектептер өткізіледі. Әртүрлі елдердің профессорларымен бірлескен жобалар мен семинарлар ұйымдастырылады, студенттер, магистранттар мен докторанттарға дәрістер оқылады. Өткен оқу жылында Италия, Испанияның бірнеше оқытушылары дәрістер курсын оқып, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілері болған. Жыл сайын ҚазҰУ шетел студенттерінің саны 1000-ға жуық адамды құрайды. Олар жоғары кәсіби білім бағдарламалары бойынша білім алады: бакалавриат және магистратура бағыттары.

Қорыта айтқанда, қазіргі уақытта ҚазҰУ шет елдердің көптеген жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Серіктестердің арасында - Кэмбридж университеті, Колумбия университеті, Ла Сапиенза университеті, Ломоносов атындағы ММУ және т.б. бар. Өз кезегінде, Еуропаның маңызды стратегиялық серіктесі ретінде Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастардың ерекше маңызы бар. Менің ойымша, елдер арасындағы байланысты нығайту үшін университетаралық ынтымақтастықты дамыту, тіл мектептері мен мәдени орталықтар құру қажет.

«Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері» кафедрасының магистранты - Саидваққасова А.Х.

Ғылыми жетекшісі - PhD докторы Алдашева К.С.

0
1
780

Осы тақырып бойынша

Ілгерілеу жолындағы нық қадам - Yvision.kz