Илемесов Искаир Қафарұлы туралы қысқаша мәлімет
Илемесов Искаир Қафарұлы, Жәнібек ауданының тұрғынымын, жеке кәсіпкермін. Маған көрсетілген сенімнің және жоғары қолдаудың нәтижесінде партиялық "Nur Otan" партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат болып тіркелдім. Жалпы алғанда, өзімнің бүкіл саналы өмірімді туған жерім - Жәнібек ауданының дамып-өркендеуіне арнадым. Осы бағытта мен кәсіпкерлікпен айналасуға бел буып, түрлі құрылыс және жөндеу, сондай-ақ газдандыру және электрофикациялау жұмыстарын іске асыратын "Символ" ЖШС құрдым. Серіктестік аудан және облыс аумағында көптеген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салып, осындай нысандарды жөндеуден өткізді. Сонымен қатар, серіктестіктің араласуымен елді мекендерді газдандыру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесін дамыту шаралары жүзеге асырылды. Бұдан басқа, серіктестік қайырымдылық және демеушілк көмек көрсетіп, мұқтаж жандарға қолұшын беруде. Өз басым салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналасуды ұнатамын. Атап айтқанда, футбол, хоккей, бильярд сынды спорт түрлерімен жүйелі шұғылданамын. Бұдан басқа, спорттың дамуын қамтамасыз ету мақсатында шағын футболдан команда құрып, оған қолдау көрсету бағытында үнемі демеушілік көрсетіп келемін. Кәсіпкерлік көп уақыт пен зор күш-жігерді талап ететін күрделі сала. Сол себептен, менің жұмыс күнім ерте басталып, кеш аяқталады. Алдымда тұрған міндеттер көп және алдыма қойылған мақсаттар зор. Сондықтан осы міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін әр күнімді жоспарлап, түрлі жұмыстарды уақтылы аяқтауға тырысамын. Сондай-ақ аудан тұрғындарының қолдауымен елімізді дамытуға арналған бағдарламалар мен жоспарлардың іске асырылуына өз үлесімді қосатын боламын
