Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде кездесу өтті
2020 жылдың 20 желтоқсан күні сағат 11-00де Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының футбол құрама командасының мүшелері - А.Марочкин, В.Плотников,О.Керимжанов, М.Гурман, А.Нусип, С. Келлер, А.Старадубов кездесуге келіп, 2010-2011 жж. туылған балалардан құралған «Іле саулет» футбол командасының мүшелерімен «шеберлік сағатын» өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев сөз сөйлеп, жасөспірімдерге көрсеткен шеберлік сағаты үшін еліміздің құрама футбол командасының футболшыларына рахметін айтты, сонымен қатар, ауданымызда жастар, жасөспірімдер арасында футболды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге тоқталды, Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Р.Нұрбаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес ауданымызда алдағы 5 жылда бұқаралық спортты жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, ауылдық жерлерде спорт-сауықтыру кешендері салынатыны жайлы айтты



