Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Іле ауданы ''Аналар кеңесінің'' төрайымы-Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы

Ауданымыздың құрметті азаматы, ҚР ''Мəдениет қайреткері'', ардагер кітапханашы, Іле ауданы ''Аналар кеңесінің'' төрайымы-Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы туралы ----------- КІТАПХАНА ІСІНІҢ ҮЗДІГІ ЖАБИЕВА МЕЙРАМКҮЛ ТҮЙЕБАЙҚЫЗЫ 1956 жылы 12 мамырда Алматы облысы Күрті ауданының Ақши ауылында дүниеге келген. Ауылдың А.Андреев атындағы орта мектепте білім алып, 1973 жылы осы мектепте кітапханашы болып жұмысқа орналасады. 1975 жылы Қаскелен ауданының мәдениет-ағарту училищесіне кітапханашы бөліміне оқуға түседі. Аталған оқу орнын 1978 жылы үздік бітіріп, 1978 жылы Күрті ауданының орталық кітапханасына әдіскер болып жұмысқа қабылданады. Өз ісін жетік меңгерген Мейрамкүл көп ұзамай 1981 жылы балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызметке кіріседі. Ал 1983 жылы Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына сырттай бөлімге оқуға түсіп, оны 1988 жылы тәмәмдайды. Жоғары білімді кітапханашы-библиограф Күрті аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры болып тағайындалады. ​Мейрамкүл Түйебайқызы 1997 жылы Ақши ауылдық кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып, Күрті ауданы таралғалғаннан кейін 1999 жылдан бастап Өтеген батыр ауылында аудандық кітапханаға директор болып ауыстырылды. Осы жылдан бастап ол Іле аудандық кітапханасының техникалық базасын қазіргі заман талабына сай жаңартып, осы аталған мақсатта 2003 жылы кітапханаға РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Ізденіс. Тапсырыс» модулін орнатуға аянбай жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 2009 жылы КАБИС бағдарламасын және әлемдік ғаламтор қолдануға мүмкіндік алып, ҚР академиялық кітапханасымен «Мемлекеттік электронды кітапханалық қор - қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана» жобасын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісіме отырып, жергілікті ақын-жазушылардың отыз алты кітабының электронды нұсқасын жасауға өз үлесін қосады. Ал 2006 жылы Астана қаласында өткен «Қазақстан еңбекші әйелдері» конгресіне Іле ауданы әкімінің аудандық кітапхана директоры М.Т.Жабиева еліміздің әр түкпірінен келген іскер әйелдермен тәжірибе алмасып, Мәдениет министірі Е.Ертісбаевпен кездесті. Мейрамкүл Түйебайқызының кітапхана саласындағы 41 жылдық еңбегі бағаланып, 2007 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері» атауына лайық деп табылды.

1
0
364

Осы тақырып бойынша

Іле ауданы ''Аналар кеңесінің'' төрайымы-Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы - Yvision.kz