ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Іле аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жиналысы өтті.

2021 жыл 16 ақпан күні Іле аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жиналысы өтті. Жиналысқа «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы, аудандық мәслихат хатшысы Абилова Роза Михаилкизи, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Естеусізова Гүлнар Таутайқызы , «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық депутаттық фракция жетекшісі Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы және аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, барлығы 20 адам қатысты. Жиналыста 2 мәселе қаралды: 1. «Nur Otan» партиясы Іле ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» талқылау.

2. Іле аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарларын бекіту.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - «Nur Otan» партиясы Іле ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» талқылау бойынша «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы сөз сөйлеп, «Жол картасының»7 бағыты бойынша толықтай түсініктеме берді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық депутаттық фракция жетекшісі Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы сөз сөйлеп, Іле аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарларымен таныстырып, негізгі атқаратын міндеттері жайлы айтты. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Іле ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасының» орындалуы бойынша жауапты фракция мүшелерінің жоспарымен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық депутаттық фракциясы қабылдаған шешімдердің орындалуы бақылауға алынды.